«Ордабасы» командасы алғаш рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ордабасы» командасы алғаш рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды

23.10.2023

Шымкенттің «Ордабасы» командасы өз тарихында алғаш рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды. Олар ел премьер-лигасының 25-турында қарағандылық «Шахтерді» 3:1 есебімен жеңді. Ойын кестесі бойынша «Ордабасының» чемпион атануына тең ойынның өзі жеткілікті болатын.

Футбол ұлттық құраманың капитаны, «Ордабасы» футбол клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген осы матчта ауыр жарақат алып қалды. 33 жастағы ойыншы табан сүйегін сындырып алған. Мұндай жарақаттан жазылуы үшін шамамен 8 аптадай уақыт керек. Тағыберген EURO-2024 іріктеу турнирі аясында өтетін Сан-Марино мен Словенияға қарсы ойынға қатыса алмауы ықтимал, деп жазды про Sport.kz сайты

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу