Футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Словения астанасы Любляна қаласына келді. Магомед Адиев шәкірттері Стожице стадионында жаттығу жұмыстарын жасап, жергілікті және қазақстандық журналистерге баспасөз мәслихатын өткізді. Шешуші ойында команданы қолдауға жарақатына байланысты алаңға шыға алмайтын: Бауыржан Исламхан, Асхат Тағыберген, Михаил Габышев, Бағдат Қайыров секілді ойыншылар да Словения астанасына келді. Қарсылас команданың осыған дейін екі рет әлем чемпионатында, бір рет Еуропа чемпинатында ойнағанын ескерсек, алдағы матч Ел құрамасына оңай болмайтыны анық. Дегенмен Магомед Адиев шәкірттері қандай қарсылас болса да, соңына дейін барын салуға дайын.
Бағдат Қайыров, футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы:
Командада көңіл күй жақсы. Атмосфера керемет! Әр ойыншы бұл ойынның маңыздылығын түсінуде. Ешкімге қосымша мотивацияның қажеті де жоқ бұл ойынға. Бұл жолдама алуға финалдық матч. Сол үшін ертеңгі ойында жігіттер өздерініңтең сәтті, ең үздік ойындарын көрсетеді деп сенеміз.
Футболдан Қазақстан құрамасының 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Словения құрамасымен кездесуі 20 қарашадан 21қараған түні «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында сағат 01:45-те көрсетіледі.
Әділет Құсайынов