Елімізде жанкүйер болудың жоғары мәдениеті қалыптасып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жанкүйер болудың жоғары мәдениеті қалыптасып келеді

19.11.2023

Сәл ғана қалды. Бұл тіркес футболдан Еуропа чемпионатына бет алған ұлттық құраманың ұраны болып кетті. Іріктеу кезеңі аяқталуға жақындаған сайын жігіттер жігерлене түскендей. Ал жанкүйерлер осы жұма да «Астана-Арена»-ға жиналып, қолдауды күшейтті. Стадионды көк тумен толтырып, ұлттық нақышта киініп келу де, ойыннан соң қоқысты жинау да дәстүрге айналған.

Жалпы, жанкүйер болудың жоғары мәдениеті қалыптасып келетіні байқалады. Ал жұма күнгі матчқа келсек, өз алаңында Сан-Мариноны қабылдап, жеңіске жеткен ұлттық құрама кезекті үш ұпайды қоржынға салғаны белгілі. Осылайша, ЕУРО-ға тағы бір қадам жақындай түсті. Енді алда бір ғана ойын. Жігіттер Словенияға кетіп, 20 қараша күні осы құрамамен кездеседі. Жеңісті жол жалғасып, ұлттық құрама Германияға жолдама алсын деп тілейік! 

Хабарламаларға жазылу