EURO-2024: Бүгін Қазақстан - Сан-Марино ойыны
Бүгін маңызды ойын. Жарты сағаттан кейін футболдан Қазақстан мен Сан-Марино арасындағы кездесу басталады. Еуро-2024 додасына іріктеу аясындағы шешуші сәт. Жерлестеріміз үшін жеңіс ауадай қажет. Елордадағы стадион лық толы. Билеттер бірнеше апта бұрын сатылып кеткен. Дәл қазір әріптесім Шерхан Жамбылұлы «Астана-Арена» алдынан бізбен байланысқа шығып тұр. Шерхан бүгінгі матчтың есебі қандай болады деп ойлайсың?
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Есепті білмеймін, бірақ стадиондағы атмосфера керемет болатыны сөзсіз. Жанкүйерлер 3-4 сағат бұрын осы жерге ағыла бастады. Көпшілік бүгін ұлттық құраманың жеңісіне үлкен сенім артып отыр. Жанкүйерлер көк туды желбіретіп, атамекен әнін шырқап, жігіттерді жігерлендіріп, алға жетелемек. Ендеше жанкүйерлердің бірін сөзге тартсақ. Қарсыластар жайлы айта кетсек. Сан-Марино Италияның батысында орналасқан шағын мемлекет. Халық саны 33 мыңнан сәл ғана асады. Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингіндегі ең әлсіз команда болып есептеледі. Осы іріктеу аясында барлық матчта жеңілді. Дегенмен өздері үшін тарихи нәтижеге қол жеткізіп, өткен ойында Дания қақпасына гол соққан. Ал Қазақстан мен Сан-Марино бұған дейін үш рет кездескен. Үшеуінде де жерлестеріміз жеңіске жетті. Бүгінде сол жол жалғасады деген сенімдеміз. Ал үш күннен кейін біздің жігіттер Словенияға қонаққа барады. Екі ойында жеңіске жетсек онда келер жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне өтуіміз әбден мүмкін.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16