Түркістан облысында туған 20 млн-шы сәбиге сый-сияпат табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында туған 20 млн-шы сәбиге сый-сияпат табысталды

16.11.2023

Елімізде туған 20 млн-шы сәбидің біреуі Түркістан облысының Жетісай ауданында дүниеге келді. Асықата кентінде тұратын көпбалалы ана Гүлмира Ізтілеуова төртінші сәбиін кеше таңғы сегізде босанған. Бүгін оның отбасы мүшелері сәбіидің өмірге келуімен құттықтап, перзентханаға келді.

Жаңа туған нәрестеге ата-анасы Әлімхан деген есім берді. Оның салмағы – 3400 грамм, бойы – 51 см. Сәби Шәкеновтар отбасының төртінші перзенті. Әулеттің 21-ші немересі. Анасы Гүлмира Ізтілеуова Асықата кентіндегі мектептің мұғалімі, әкесі Ерғали Шәкенов жұмысшы. Бүгін бұл жанұяны құттықтап перзентхана келушілердің қатары көп болды.

Ерғали Шәкенов, Асықата кентінің тұрғыны:

Жаңалықты үйдегілер айтты. Өзім шок болдым, түсінбей қалдым. Сондай 20 млн-шы бұйырады деп ойлаған да жоқпыз. Қуаныштымыз. Балаларым да қуанды. Екі бала бар, қызыма серік болсын деп қыз күткен едім, Алланың қалауы ғой, ұл болды. Оған да қуаныштымыз.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды да бүгін «Асықата» ауруханасына арнайы барып, 20 миллионыншы сәбидің ата-анасын құттықтады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді. «Отбасы банкінің» 2 млн теңгелік сертификат пен сәбиге қажетті сый-сияпаттарды тарту етті.

Айта кетейік, еліміздегі ең демографиясы жоғары аймақ саналатын өңірде жыл басынан бері жыл басынан бері 45 594 сәби өмірге келген.


Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу