Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «FlyArystan» әуе компаниясы мерейтойлық рейсін орындады. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «FlyArystan» әуе компаниясы мерейтойлық рейсін орындады.

15.12.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында FlyArystan әуе компаниясы мерейтойлық рейсін орындады. Нақтылай кетсек, лоукостер 5 млн-шы жолаушысын тасымалдады. Оны анықтау сәті Түркістан-Ыстамбұл бағытындағы рейске дөп келді. Сөйтіп ұтыс жеңімпазы көкте күтпеген сыйға кенелді.

Түркістан-Ыстамбұл бағытына ұшу ұтыс ойынынан басталды. Тіркеу орнында сапарлаушыларға сан таңбасы таратылып, таңдау жасатты. Сый бортта үлестірілді.

Ал, бәрінен де 5 млн-шы сапарлаушыны анықтау ерекше өтті. Тосын сый тәттіге жасырылған. Жолы болған Гүлмира Жортынбаева. Оған қос қуаныш қатар келді. Алдымен Түркияда тұратын қызына асықса, келесісі ойламаған жерден олжаға кенелді. FlyArystan компаниясы кез келген халықаралық рейстің бару-келуіне тегін сертификат табыс етті.

Гүлмира Жортынбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

 «FlyArystan» әуе компаниясының 5 млн-шы жолаушысы мен боламын деген ой мүлде түсіме де кірмеген. Қуанышымда шек жоқ. Түркияда тұратын қызыма бара жатыр едім. Ойда жоқта осындай тосын сыйға кенеліп жатырмын. Компания алғысым шексіз, жолаушылары көбейе берсін.

2 жарым жылда 5 млн-шы жолаушы. Бұл FlyArystan әуе компаниясы үшін зор жетістік. Себебі, жолаушылардың лоукостерге сенімі артып келеді. Қауіпсіз қалықтаумен қатар қалта көтерер баға ұсыну – компанияның әуе нарығындағы ұтымды шешімі болды.

Ләззат Набиева, «FLYARYSTAN» әуе компаниясының PR менеджері:

Түркістан-Ыстамбул рейсі біздің халықаралық маршрутта бірінші рейс. Одан кейін бізде Грузияның Тутайсей қаласына, Дубай қаласына, Ташкентке ұшамыз Түркістаннан. Және біз Ресейге ұшуға кеңес береміз. Біздің әуе флотта Airbus А-320 он ұшағы бар.

«FlyArystan» компаниясы мұнымен шектелмек емес. Келешекете әуе кемелерін көбейтуді көздеп отыр.


Хабарламаларға жазылу