Ақтауда әскери теңізшілерге жаңа казарма берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда әскери теңізшілерге жаңа казарма берілді

16.11.2023

Ақтауда әскери теңізшілерге арналған алғашқы модульді казарма қолданысқа берілді.

Жаңа нысан әскери теңіз базасында орналасқан. Аумағы 100 шаршы метрді құрайды. Модульді ғимаратты қажетінше үлкейтіп, блоктар жалғауға болады.

Мұнда байланыс және инженерлік желілер жүргізілген. Жаңа казармаға әскерге бір ай бұрын келген 100 матрос орналастырылды. Жас теңізшілер қазір даярлық курсынан өтіп жатыр. Көп ұзамай ант қабылдап, кемелер дивизионы, десанттық-шабуыл батальоны және коменданттық ротаға бөлініп, әскери борышын өтейді. Келесі жылы әскери теңіз күштері тағы 6 модульді казармамен толықпақ. Нысандар теңіз жағасындағы оқу-жаттығу кешенінде салынып жатыр.

Даниал Мұрат, матрос:

Екінші курста академиялық демалыс алып, Отан алдындағы борышымды өтеу үшін келіп тұрмын. Ақтау қаласын әдейі таңдадым. Теңізді көру үшін, кораблге түсу үшін. Бағыма орай, осы жаңа казармаға түсіп жатырмын. Казарманың жағдайы жақсы, іші жылы.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу