Чилиде танымал телеарна Димашқа бір сағат хабар арнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде танымал телеарна Димашқа бір сағат хабар арнады

16.11.2023

Мақтанышымыз Димаш Құдайберген өзінің бекзат өнерімен Чилиді дүр сілкіндірді. Сол елдің «Chilevisión» деп аталатын бас телеарнасы феномен әншінің концертінен 1 сағат бойы тікелей эфир таратып, бағдарлама шығарды.

Рейтингі асқақ танымал хабарды атақты журналист Хулио Сезар Родригес жүргізді. Ол дауысы дара дарын иесінің шығармашылығына тоқталып, сахнадағы жұлдызды сәтін қалың көрерменге паш етті. Бұл жаңалықты әлемдік БАҚ жарыса жазып жатыр.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу