Жеңіл түрдегі зорлық-зомбылық қылмыс деп танылуы қажет – Жұлдыз Сүлейменова
Отбасында ойран салып, бала-шаға мен әйеліне әлімжеттік көрсететіндердің басым бөлігі жазадан сытылып кетеді. 2021 жылы Қазақстанда Үкіметтік емес ұйымдар жүргізген зерттеуге сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандардың 40 пайызы ғана сот алдында жауап берген. Және олардың 60 пайызы кешіріліп, қалғаны 2 сағаттан 3 күнге дейін әкімшілік қамауға алынды. Осындай мәліметтерді алға тартқан Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова отбасылық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін заңды қатаңдату және оның сапалы орындалуын жүзеге асыру қажеттігін айтып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Әйелдер мен балалар зорлық-зомбылықтың құрбаны болмас үшін, тіпті жеңіл түрдегі зорлық-зомбылық қылмыс деп танылуы қажет. Әйел мен балаға зорлық-зомбылық көрсеткендерге аяушылық танытуға болмайды. Ешкімнің әйел адамдарды қорлап өлтіруге қақы жоқ!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрық портының әлеуеті артып келеді
09.06.2026, 20:16
Жол-көлік апатынан 5 жаяу жүргінші зардап шекті
09.06.2026, 20:12
Филиппинде зілзаладан кейін 10 мыңдай отбасы үйлерін тастап кетті
09.06.2026, 20:11
Шетелден келетін туристер саны 4 миллионға жетуі мүмкін
09.06.2026, 20:09
Сарапшы: Шекті соманың өсуі – болашақ зейнетақының кепілі
09.06.2026, 20:08
Есірткі жарнамасына қарсы күрес күшейді
09.06.2026, 20:07
Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
09.06.2026, 20:06
Сталкинг пен некеге мәжбүрлеуге қарсы күрес күшейеді
09.06.2026, 20:04