Ақтөбе облысында «Сыбаға» бағдарламасына бөлінген 970 миллион теңге ұрланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында «Сыбаға» бағдарламасына бөлінген 970 миллион теңге ұрланған

15.11.2023

Ақтөбе облысында Мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасына бөлінген 970 миллион теңге қолды болды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері хабарлады. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының облыстық филиалында ірі қара мал сатып алу үшін бөлінген несие қаражатын рәсімдеуде алаяқтыққа жол берілген. Үш күдікті жалған құжаттарды пайдаланып, асыл тұқымды сиырларды сатып алуға бөлінген несиелік қаржыны қолма қол ақшаға айналдырған.

Сондай-ақ, бөгде тұлғаларға шаруа қожалықтарын рәсімдеген. Күдіктілердің құны 260 млн теңге болатын жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне тыйым салынды.

Жақсыбек Кемал


Ақтөбе облысы

Хабарламаларға жазылу