Израиль әскері Газадағы «Әл-Шифа» ауруханасы аумағына басып кірді. Куәгерлердің айтуынша, бұл жерде танкілер мен арнайы мақсаттағы қызмет күштері жүр.
Бұған дейін АҚШ «әл-Шифа» астында Хамастың басқару пункті орналасқан деп мәлімдеген еді. Осыдан кейін Израиль әскері ауруханада операция бастағанын мәлімдеді. Алайда палестиналық қарулы топ басқару пункті аурухана аумағында орналасқанын жоққа шығарды.
Ал Газа секторында сейсенбіден бері нөсер жауын жауып тұр. Бұл шабуылдан көз ашпаған халықтың жағдайын одан әрі қиындатты. Мыңдаған адам уақытша палаткаларда тұрып жатыр. Кейбіреуі панасыз, далада күн көруге мәжбүр. Оның үстіне сумен жабдықтау және құбыр жүйесі істен шыққан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, палестиналық анклавта жұқпалы аурулар белең алған.
Арай Төлегенқызы