Румынияда украиналық пилоттарды дайындықтан өткізетін хаб ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Румынияда украиналық пилоттарды дайындықтан өткізетін хаб ашылды

14.11.2023

Румынияда украиналық пилоттарды Американың әйгілі F-16 әскери ұшақтарын басқаруға дайындайтын хаб ашылды. Онда жергілікті жеті ұшқыш үйретуші ретінде жұмыс істемек. Болжамдарға қарағанда, украиналық пилоттар бұл хабта әзірлікке келесі жылдың басында кіріседі. Олар дайындықты аяқтағаннан кейін Киевке F-16 ұшақтарын жіберу туралы шешім қабылдануы мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу