Қазақстанда биыл мұнай көлемі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда биыл мұнай көлемі артты

13.11.2023

Қазақстанда биыл мұнай көлемі артты. Еліміз ОПЕК+ келісімі бойынша белгіленген мөлшерден 10 мың баррельге артық мұнай өндірді. Ал әлемде қара алтын бағасы үшінші апта қатарынан арзандап жатыр. Баға бірден 12 пайызға төмендеді. Қазір Brent маркалы мұнай барреліне 80, 61 доллар, ал WTI барреліне 76 доллардан сатылып жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, қара алтынның арзандауы Таяу Шығыстағы қақтығыспен байланысты. Себебі шиеленіс өршіген аймақтан мұнай жеткізу қиындаған.

Хабарламаларға жазылу