Биыл Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 86 млн тоннаға жетуі мүмкін - министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 86 млн тоннаға жетуі мүмкін - министр

05.03.2021
Биыл Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 86 млн тоннаға жетуі мүмкін - министр

2021 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 86 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

«Пандемия салдарынан біраз зардап шеккен мұнай өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштеріне тоқталатын болсам, 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаға жетті. 2021 жылдың қаңтар айында қолданылған шектеулерді (-17%) ескере отырып, ең пессимистік сценарий бойынша 2021 жылға арналған болжамды өндіру көлемі – 83,4 млн тонна. Бұл ретте бүгінгі таңда әлемдік мұнай нарығы мен мұнайдың баға белгіленімдерінің бірте-бірте қалпына келу үрдісі байқалуда. 86 млн тонна жоспарды орындау күтілуде», - деді ол ведомствоның алқа отырысында. 

Айта кетейік, 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты 68,5 млн тоннаны құрады. 2021 жылға арналған жоспар- 67,5 млн тонна.

Хабарламаларға жазылу