Транскаспий дәзілі арқылы мұнай экспортының көлемі артты. Биыл Ақтау портынан Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы бір миллион 300 мың тонна қазақ мұнайы экспортталған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 6 есе көп. Жақын болашақта оны 10 миллионға жеткізу көзделген.
Айта кетейік, былтыр Каспий құбыр желісіндегі апаттан кейін президент қара алтын тасымалын баламалы жол арқылы арттыруды тапсырған болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Транскаспий дәзілі арқылы мұнай экспортының көлемі артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/186099/)