МӘМС-тен 2 млрд 100 млн теңгеден астам қаражат ұрланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

МӘМС-тен 2 млрд 100 млн теңгеден астам қаражат ұрланды

13.11.2023

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 2 млрд 100 млн теңгеден астам қаражат ұрланды. Алматы облысындағы аурухананы басқарған компания басшысы мен есепшісі медициналық ұйымдардан 2 жыл бойы ақша жымқырып келген. Олар қор арқылы түрлі медициналық бұйымдарды «қағаз жүзінде» ғана сатып алған. Қазір екі күдікті қамауда. Тергеу жүріп жатыр.

Жалпы медициналық сақтандыру қорына жыл басынан бері 885 млрд теңге түскен. Оның 37,5 пайызын жұмыс берушілер төлесе, 33 пайыз жарнаны жеңілдікке ие 11 млн тұрғын үшін мемлекет аударған. Оған 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар кіреді. Ал қалған 29,1 пайызы - жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан түскен төлем.


Хабарламаларға жазылу