Отбасындағы зорлық-зомбылықты тек заңнаманы өзгертумен шешуге болмайды - М.Әшімбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отбасындағы зорлық-зомбылықты тек заңнаманы өзгертумен шешуге болмайды - М.Әшімбаев

10.11.2023

Отбасындағы зорлық-зомбылықты тек заңнаманы өзгертумен шешуге болмайды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселесіне қатысты осылай деп пікір білдірді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

«Заңнаманы ары қарай күшейту керек болса, біз оған дайынбыз. Егер қажет болса, қоғам талап етіп отырса, біз бұл қадамдарға барамыз. Оған күмән болмау керек. Бірақ бұл мәселені тек заңнаманы өзгертумен шешуге болмайды. Заңды қатайтқаннан шешіліп кетпейді бұл мәселе».

Сенат төрағасының айтуынша, заңды күшейтумен қатар, тұтас тәрибе жұмысын дамыту керек. Отбасында, оқу орнында осындай теріс істердің салдарын түсіндіріп, алдын алу шарасын ширатқан жөн- , деді Мәулен Әшімбаев.

Азамат Нұғыманов

Хабарламаларға жазылу