Ақтауда спортшы өлімін тергеген полицейлер жұмыстан шеттетілді
Ақтауда спортшы Валерия Шальнованың өлімін тергеген полиция қызметкерлері жұмыстан шеттетілді.
Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Облыстық прокуратураның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу 3 қазанда басталған. Алайда тергеудің объективтілігін және жан-жақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылған. Полицейлерге қатысты да түпкілікті шешімді солар қабылдайды. Айта кетейін, қайғылы оқиға осыдан 3 ай бұрын болды. 21 жастағы спортшының жансыз денесі қаланың шетіндегі су арнасынан табылды. Көп ұзамай күдікті қамауға алынды. Ал полицейлер аса ауыр қылмысты уақтылы ашуға кедергі жасаған. Оларға қатысты қылмысты жасыру фактілері анықталды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Табиғат жанашырлары бұлақ көзін тазартты
13.07.2026, 20:57
Жер учаскесіне мемлекеттік акт енді тек онлайн рәсімделеді
13.07.2026, 20:55
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндіктері талқыланды
13.07.2026, 20:39
ӘЧ – 2026: Аргентина жартылай финалда
13.07.2026, 20:37
Петропавл қаласының құрылғанына 274 жыл толды
13.07.2026, 20:18
Райымбек ауданының 90 жылдығы тойланды
13.07.2026, 20:17
Халықаралық этнофестивальге 50 мыңға жуық адам келді
13.07.2026, 20:13
Kaspi.kz Джеки Чанның елімізде түсірілетін жаңа фильміне бас серіктес болды
13.07.2026, 20:10