Қазақстан теннисші қыздары әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Жасөспірім теннисші қыздарымыз әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгі спортшылар арасында Billie Jean King Juniors Finals турнирі өтіп жатыр. Теннисші қыздарымыз алғашқы кездесуінде Аргентина командасын жеңді. Алдымен Полина Слепцова мен Соль Айлин кортқа шықты. Тартысты матчта қазақстандық теннисшінің бағы жанды. Екінші ойында Анастасия Крымкова айласын асырды. Жұптық сында Іңкәр Дүйсебай мен Анастасия Крымкова қарсыластарына есе жіберді. Жалпы есеп – 2:1, Қазақстанның пайдасында. Командалық әлем чемпионатының В тобында Ұлыбритания мен Қазақстан құрамалары алда келеді.
Торғын Мелісқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілер тізімі жарияланды
25.09.2026, 13:30
Әскерилердің отбасына көмек көрсетуге бірыңғай оператор белгіленді
25.09.2026, 13:27
Құрылтай Төрағасы әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты
25.09.2026, 13:24
Инвестициялық форум бір минут үнсіздікпен басталды
25.09.2026, 13:21
Шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері көңіл айтуда
25.09.2026, 13:18
Маңғыстаудағы төтенше жағдай: 12 сараптама тағайындалды
25.09.2026, 13:15
Бірқатар лауазымды әскери тұлға күдікке ілінді
25.09.2026, 13:12
Ауруханадағы сарбаздың жағдайы жақсы
25.09.2026, 13:09