Батыс Қазақстан облысында белгісіз аурудан мал қырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында белгісіз аурудан мал қырылды

06.11.2023

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында шаруалар ондаған малдың белгісіз аурудан құлағанын айтып, шағымданды. Ал ветеринарлар Қарақұдық және Қарағанды ауылдық округтерінде қыркүйектен бері 13 сиырдың өлгенін анықтаған. Оның себебі - эмкар, яғни жұқпалы дерттен болуы мүмкін. Өлген, ауру малдан екі рет сынама алынған. Бір ай бұрынғы сараптама теріс қорытынды берген. Екінші талдаудың нәтижесі бір аптадан кейін белгілі болады. Шаруалардың айтуынша, ірі қара мал екпе жасағаннан кейін осындай кеселге тап болған.

Балдай Сапарғали, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

Қазіргі уақытта қарасан ауруына қарсы «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының вакцинасы қолданылып жатыр. Осы препараттың тиімділігін зерттеу үшін вакцина Ұлттық ветеринариялық орталыққа жолданды. Оның нәтижесі әлі күтілуде.

Ардақ Мұратқызы


Батыс Қазақстан облысы

Хабарламаларға жазылу