Мажарстан Премьер-министрі ресми сапармен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мажарстан Премьер-министрі ресми сапармен келді

02.11.2023

Қазақстанға Еуропадан тағы бір мәртебелі мейман ұшып келді. Бүгін Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанның ресми сапары басталады. Оны Астана әуежайында вице-Премьер Серік Жұманғарин қарсы алған. Бүгін еуропалық қонақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізеді. Тараптар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылайды.

Данияр Қайыртай


Хабарламаларға жазылу