Гавай аралдарында мыңдаған адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гавай аралдарында мыңдаған адам эвакуацияланды

08.05.2018

Гавай аралдарында «Килауэа» жанартауынан атқылап жатқан лава жолдар мен үйлерді басып қалды. Қызып тұрған ағын үлкен жылдамдықпен жылжып жатыр. Ол шарбақтар мен көліктерді бұзып, ғимараттар отқа оранған. Құтқарушылар газ қоймалары мен жанармай құю бекеттеріндегі отын резервуарлары үшін алаңдап отыр.  

Вулкан айналасындағы ауа кратерден шығып жатқан күкірттің еселенген тотығы буларымен уланған. Осыған байланысты аймақтан екі мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Мадина РАХЫМБЕК

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу