«Delta Bank» ісі бойынша тергеу жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Delta Bank» ісі бойынша тергеу жалғасуда

31.10.2023

«Delta Bank» ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Банктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Қаржы мониторинг агенттігінің дерегінше Нұрлан Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлікке тыйым салынған. 5 қант зауыты мен 58 нысан проблемалық несие қорына берілді. Сондай-ақ, Араб Әмірліктері, Латвия, Чехия мен Ресейдегі активтері бұғатталды. Құзырлы орган өкілдері Нұрлан Тілеубаев жымқырған активтерді іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатқанын хабарлады.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу