Мәулен Әшімбаев боччадан Қазақстанның паралимпиадалық командасымен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев боччадан Қазақстанның паралимпиадалық командасымен кездесті. Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия пара ойындарында, ел құрамасы жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады.
Отандық спортшылар Иран, Корея, Гонконг, Таиланд, Жапония атлеттерімен сынға түсті.
Мәулен Әшімбаев қазақстандық боччашылардың алғаш рет айтулы додада бақ сынауын жарқын жетістікке балады. Ұлттық құрама саңлақтары классификациядан сәтті өтті және оларға халықаралық санат берілді. Федерацияның жоспарына сәйкес желтоқсан айында боччадан ел Кубогы сарапқа салынады. Келесі жылы тағы алты сайыс өткізу көзделіп отыр.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілер тізімі жарияланды
25.09.2026, 13:30
Әскерилердің отбасына көмек көрсетуге бірыңғай оператор белгіленді
25.09.2026, 13:27
Құрылтай Төрағасы әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты
25.09.2026, 13:24
Инвестициялық форум бір минут үнсіздікпен басталды
25.09.2026, 13:21
Шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері көңіл айтуда
25.09.2026, 13:18
Маңғыстаудағы төтенше жағдай: 12 сараптама тағайындалды
25.09.2026, 13:15
Бірқатар лауазымды әскери тұлға күдікке ілінді
25.09.2026, 13:12
Ауруханадағы сарбаздың жағдайы жақсы
25.09.2026, 13:09