Риода мыңдаған адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риода мыңдаған адам шеруге шықты

16.03.2018

Бразилияның Рио-де-Жанейро және Сан-Паулу қалаларында мыңдаған адам шеруге шықты. Олар құқық қорғау белсендісі Мариэль Франконың өлтірілуіне наразылық білдірген.

Полицейлердің кедейлерді өлтіруіне қарсы тұрған 38 жастағы Франко Социализм және бостандық партиясының мүшесі еді. Оған таяуда белгісіз біреу Рионың шетінде оқ жаудырды. 

Бразилия армиясы жыл соңына қарай Рио-де-Жанейродағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді өз мойнына алмақ. Алайда, осы әскери интервенция жөніндегі комиссия құрамына кірген Франко жауынгерлердің қалаға кіруіне де наразы болған.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу