Қатігез студент 4 жыл 8 айға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатігез студент 4 жыл 8 айға сотталды

30.10.2023

Мүгедектер мен балаларды азаптаған медицина университетінің студенті 5 жылға түрмеге қамалатын болды. Аутизмге шалдыққан балаларды қорлап, оны видеоға түсіріп әлеуметтік желіге таратқан 22 жастағы жігітке қатысты судья осындай шешім шығарды. Үйқамақта болған бұрынғы санитардың қолына сот залында кісен салынды.

 Сондай-ақ, сотталушы теперіш көргендердің пайдасына 4 миллион теңге төлеуі тиіс. Естеріңізге салайық, оқиға Астанадағы клиникалардың бірінде болған. Тергеушінің сөзінше қатыгез студент бірнеше ай бойы науқас қариялар мен балаларды қорлап келген.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу