BBC: Аурухана айналасы шабуылға ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

BBC: Аурухана айналасы шабуылға ұшырады

30.10.2023

Израиль Газа секторында әуе және құрлық операциясын жалғастырып жатыр. Анклавтағы әл-Құдс ауруханасының төңірегін бомбалаған. Іргелес ғимараттар, тұрғын үйлерге, ауруханаға апаратын жолдарға зақым келді.

Бұған дейін Израиль бұл емдеу мекемесіндегі науқастарды сектордың оңтүстігіне көшіру туралы ескерткен еді. Алайда аурухана әкімшілігі мен персоналы бұл талапты орындаған жоқ. Мұнда ем алып жатқан 400 науқастан бөлек, 14 мыңдай бейбіт тұрғын жасырынған. «BBC»-дің мәлімдеуінше, Израиль жетекшілігі әзірге кең ауқымды шабуыл бастауды жоспарлап отырған жоқ.

Өйткені мұндай операция Хамас-тың кепіліндегі израильдіктердің өміріне қауіп төндіреді деп алаңдайды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу