Костенко атындағы шахтада зардап шеккен екі кенші ауруханадан шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Костенко атындағы шахтада зардап шеккен екі кенші ауруханадан шығады

29.10.2023

Костенко атындағы шахтада зардап шеккен екі кенші жақын арада ауруханадан шығады. Олар Шахтинск қаласындағы орталық ауруханада ем алып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазір төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр . Облыс бойынша барлығы 24 кенші емдеу мекемелерінде ем қабылдауда.


Хабарламаларға жазылу