Әлихан Смайылов Костенко атындағы шахтада зардап шегіп ауруханаға түскен кеншілердің жағдайын білуге барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов Костенко атындағы шахтада зардап шегіп ауруханаға түскен кеншілердің жағдайын білуге барды

28.10.2023

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Костенко атындағы шахтада зардап шегіп ауруханаға түскен кеншілердің жағдайын білуге барды. Қазір ауруханада 20 кенші емделіп жатыр. Бас дәрігердің айтуынша, пациенттер мамандардың жіті бақылауында, әртүрлі аппараттардың көмегімен тексерістен өткізілуде. Олардың көбі газбен уланған, алайда жағдайлары – тұрақты, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ көрінеді. Премьер-Министр зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуі тиіс екенін айтты. Бұдан бөлек баспана мәселесі, несиелерді өтеу, балаларды оқыту, біржолғы төлемдер сынды мемлекет басшысының тапсырмалары орындалады деді Премьер-Министр.  

Хабарламаларға жазылу