Мексикада дауылдан 39 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада дауылдан 39 адам көз жұмды

29.10.2023

Мексикада дүлей дауылдан 39 адам көз жұмды. Табиғи апат танымал Акапулько курортты қаласына миллиардтаған доллар шығын әкелген. Үйлер жермен-жескен болды. Қонақүйлердің 80 пайызы толық қираған. Миллионға жуық тұрғынның тең жартысы электр жарығынсыз қалды. Іздеу-құтқару, қалпына келтіру жұмыстарына сарбаздар мен әскерилер тартылған. Мексика билігі «Отис» дауылы соққы берген аймақта төтенше жағдай жариялады.

Арай Төлегенқызы


мексика дауыл табиғиапат

Хабарламаларға жазылу