«АрселорМитал Теміртау» компанясының шахталарында 28 жыл ішінде 138 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«АрселорМитал Теміртау» компанясының шахталарында 28 жыл ішінде 138 адам көз жұмды

28.10.2023

Осы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының шахталарының өзінде бұған дейін 11 апат болған. 138 кеншінің өмірін қиған. Ең ірі қайғылы оқиға 2006 жылы болды. 41 адам көз жұмған еді.

«Арселор митал Теміртау» компанясының шахталарында 28 жыл ішінде 138 адам көз жұмды. Компанияда бірінші апат 1995 жылы тіркелді. Ленин атындағы шахтада метан жарылды. Қайғылы оқиға салдарынан 13 адам қаза тапты. Арада тура үш жыл өткенде дәл осы шахтада газ жарылып, 3 азаматтың өмірі қиылды. 1999 жылы тағы Ленин шахтасында метан жарылды. Үш шахтер көз жұмды. 2004 жылы «Шахтинск» шахтасында жарылыс болды. 23 шахтер қаза тапты. Ең үлкен қайғылы оқиға 2006 жылы тіркелді. Ленин шахтасындағы жарылыстан 41 адам қаза тапты. 2008 жылы осындай 2 оқиға болды – қыста және жазда «Абай» және «Тентек» шахталарында 35 адам қаза тапты. 2017 жылы «Қазақстан» шахтасында тағы газ жарылды. Үш шахтер көз жұмды. 2021 жылдан бері «Арселор Миттал Теміртау» шахталарында жылда апат болады. 2021 жылы «Абай» шахтасында метан жарылды. Алты адам қаза тапты. 2022 жылдың наурыз айында «Саран» шахтасында тау-кен массасының құлауы салдарынан бір адам қаза тапты.Сол жылы қарашада Ленин шахтасында метан жарылды. Бес кенші қаза тапты. 2023 жылы 17 тамызда «Қазақстан» шахтасында өрт болып, тағы бес кеншінің денесі табылды. Ондағы апатқа конвеерлік лентада өрттің тұтануы себеп болған. Ол әлі сөндірілген жоқ.


Хабарламаларға жазылу