Қазан айының соңында «АрселорМиттал Теміртау» Қазақстан пайдасына беріледі
Костенко шахтасында болған апаттан қаза тапқандар саны 32-ге жетті. Кеніштегі жағдай әлі де қауіпті. Себебі ол жерде жинақталған газ жарылып, көміртек тотығы таралған. Бұл туралы Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директоры Геннадий Силинский мәлім етті.
Қазіргі уақытта шахтадағы апатты учаскедегі өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, зардап шеккендер қауіпсіз жерге көшірілуде. Бұдан бөлек, шахтаның шығыс бөлігінде қалып қойған кеншілерді іздестіріп жатырмыз.
Қайырлы күн! Иә, құтқарушылар тағы бірнеше кеншінің денесін тапты. Қайтыс болғандар саны қазіргі сағатқа келіп түскен ақпарат бойынша 28 адам. Сондай-ақ, тағы 18 кенші іздестіріліп жатыр. 208 кенші аман-есен шығарылды. Олардың 18-і ауруханада. Дені метан газынан уланған. Бір адамның жағдайы ауыр.
Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» акционерлерінің қазіргі таңдағы акционерлер құрамынан шығуы бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қазан айының соңында кәсіпорынға иелік ету құқығының Қазақстан Республикасының пайдасына шешілуі туралы уағдаластықтарға қол жеткіземіз деп отырмыз. Қазіргі уақытта осы мәмілені заңды ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Интернет алаяқтық азаймай тұр
24.04.2026, 20:59
ЕуроОдақ ядролық энергетиканы қарқынды дамытпақ
24.04.2026, 20:30
Иран дағдарысына қатысты бейресми саммит өтіп жатыр
24.04.2026, 20:28
Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
24.04.2026, 20:27
Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
24.04.2026, 20:27
Мегаполисте 85 мыңнан астам автокөлік иесі салық төлемеген
24.04.2026, 20:18
Шілдеден бастап банктер бір QR-кодқа қосылады
24.04.2026, 20:17
RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды
24.04.2026, 20:14