Еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері мен депутаттары Қарағанды шахтасында болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты
Бұл жайт зардап шеккен азаматтардың жақындарының ғана емес, бүтін бір Қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды дейді депутат Аманжол Әлтаев. Депутат шахтада қаза болған қызметкерлердің жақындарына бекем болуын сұрайды. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Аманжол Әлтаев, ҚР Мәжіліс депутаты:
Қарағандыдан жеткен қайғылы оқиға баршамыздың қабырғамызға батты. Қаншама отбасы өз асыраушысынан айырылды. Мемлекет басшысы үкіметке нақты тапсырмалар берді. Осы қайғылы оқиғаға душар болған шахтерлердің отбасына тиісті барлық көмекті көрсетуді тапсырды. Отбасындағы қайғыға душар болғандарға бекем болыңыздар дегім келеді.
Роза мұқанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы:
Біздің елде әр адамның, ұлттың құндылығынан, адамның құндылығынан асқан құндылық жоқ. Мынау апат қазақстандықтар үшін қаралы күн болып тұр. Осы ауыр жағдайда кеншілердің отбасына қайғырып көңіл айтамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05