Қарағанды облысында ойын-сауық шаралары түгел тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында ойын-сауық шаралары түгел тоқтатылды

28.10.2023

Костенко шахтасындағы апатты тексеруге құрылған арнайы Үкіметтік комиссияны премьер-министр Әлихан Смайылов басқарады. Комиссия оқыс оқиғаға жан-жақты талдау жүргізіп себебін анықтайды. Сонымен қатар келтірілген залалды бағалап, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдамақ. Бас Прокуратура кеніштегі өрт фактісіне байланысты тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен Төтенше жағдай министрлігінің мамандары енді. Ірі апатқа байланысты, өңірдегі ойын-сауық шаралары түгел тоқтатылды. Жоспарланған концерт, мерекелік шаралар кейінге шегерілді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. 

Хабарламаларға жазылу