Шымкентте карантин талаптары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте карантин талаптары күшейтілді

29.06.2021

Шымкентте шектеу шаралары күшейтіліп, карантин мерзімі ұзартылды. Бас санитардың қаулысына сәйкес көпшіліктің қатысуымен өтетін жиындарды өткізуге тыйым салынды. Вакцина салдырмаған кеңсе қызметкерлерінің тең жартысын қашықтан жұмыс істеуге көшіру талап етілуде. Сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты да қысқартылды. Енді олар келушілерге түнгі сағат 12-ге дейін ғана қызмет көрсете алады. Онда да жасақталған орындарының жартысына ғана отырғыза алады. Ал «Ашық» жобасына қатыспайтын ойын-сауық орталықтары, бильярд, компьютер клубтары мен букмекерлік кеңселердің жұмысы мүлдем тоқтатылды.  

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу