Ауруханада жатқан кеншілердің бірінің жағдайы аса ауыр
Ауруханада жатқан кеншілердің бірінің жзағдайы аса ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы бір науқасқа операция жасалды. Қазір бізбен аурахана алдынан әріптесім тікелей байланысқа шықты. Жанбота, өзге кеншілердің жағдайы қалай?
Жанбота Елубай, тілші:
Дархан, біз қазір апаттан зардап шеккен науқастар жеткізілген аурухана маңында тұрмыз. Мақажанов атындағы ауруханаға қазіргі уақытта 18 адам жеткізілді. Барлығына медициналық көмек жан-жақтан көрсетіліп жатыр. Арнайы қажетті мамандар тартылып жатыр. Консилиум өткізілді. Қазіргі бізде бар ақпар бойынша бір науқас ауыр көміртегі тотығымен уланған, қалғандарының жағдайы жеңіл және орташа күйде. Зардап шеккендердің барлығы токсикология бөліміне жатқызылды. Бір науқастың жағдайы аса ауыр. Реанимацияда, екіншісі травматология бөлімінде. Оған операция жасалды.Сонымен стационарға барлығы 17 адам жатқызылды, тек 1 адам ғана амбулаториялық емделу үшін үйіне жіберілді.
Қазір біз алдын ала жазылған денсаулық сақтау басқармасының басшысының сұқбатын тыңдайық.
Аураханаға түсірілім тобын кіргізбейді. Дегенмен, науқастарға қатысты соңғы ақпараттарды жеткізу үшін осы маңнан тағы хабар таратамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15