Павлодарда 5 адам коронавирусты қайта жұқтырған

16.11.2020

Павлодарда коронавируспен ауырған бес адам қайта індет жұқтырды. Олар қазір вирусты пневмониямен ауруханада ем алып жатыр. Жағдайлары орташа. Дәрігерлер, індетті қайта жұқтырғандардың жағдайы қиындау болатынын, дерттің ауыр жағдайда өтетінін айтады. Қазір өңірде 288 адам ауруханада жатыр. Үшеуінің жағдайы өте ауыр. Соңғы аптада аймақта вирус жұқтырғандардың саны күрт өскен. 

Айдар Сейтказинов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Қайта түсіп жатқан адамдарды рентгенге түсіру кезінде өкпенің басым бөлігі зақымданғаны белгілі болды. Олар қатты алқынады, демікпе пайда болады. 

Болат Аманбаев

Павлодар коронавирус

Хабарламаларға жазылу