Елімізде кадрлық тағайындауда талап күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде кадрлық тағайындауда талап күшейеді

28.04.2022

Қай кезде де кадрлық тағайындау қоғамда кең талқыланады. Осы уақытқа дейін, мәслихат шешімімен жанама кандидатсыз бірауыздан аймаққа әкім сайланатын. Енді ондай тағайындауға жол жоқ. Әкім боламын дегендердің ішінен, екі кандидат іріктеледі. Өңірге қарасты мәслихаттар оларға дауыс береді. Білімі мен білігі, тәжірибесі мен іскерлігі сынға түседі. Бұл ретте мәслихаттардың жауапкершілігі артады. Құқығы кеңейеді. «Бұл халықтың мұң-мұтажын, проблемаларын жақсы білетін жаңа саяси тұлғалардың қалыптасуына жол ашады»,- дейді, Қоғамдық даму институтының зерттеушісі.

Аян Сакошев, Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеушісі:

Мәслихаттардың бұған қандай реакциясы бар, олар қолдап жатыр ма? Басқа альтернативтік ұсыныс беріп жатыр ма немесе басқа да саяси тұлғалар өзін ұсынып жатыр ма деген сондай мәселелер талқыланып жатыр. Бірақ, ол нақты жүзеге аспағаннан кейін біз оның нәтижесін көре алмаймыз. Менің ойымша әуелі бұл практиканы жүзеге асырып көру керек.


Хабарламаларға жазылу