Мемлекеттік кеңесші ұлттық комиссия мүшелерін марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кеңесші ұлттық комиссия мүшелерін марапаттады

24.10.2023

Республика күні қарсаңында, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның бірқатар мүшесіне мемлекеттік марапат тапсырды. 

Мемлекет басшысының атынан, еліміздің дамуына елеулі үлес қосқаны және қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысқаны үшін «Барыс», «Парасат», «Құрмет» ордендері және «Ерен еңбегi үшiн» медальдары табысталды.

Ерлан Қарин марапат иелерін еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтап, олардың еселі еңбегі мемлекет пен қоғам тарапынан жоғары бағаланып жатқанын атап өтті.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу