Газадағы босқындар лагерінде ауру тарайды деген қауіп бар
Израиль Газа секторын бомбалауды тіпті күшейтті. Соңғы тәуліктің өзінде мұнда 400-дей нысанға соққы берілген. Құрбандар саны көбейіп келеді. Осы соғыс басталғалы 5 мыңдай палестиналық мерт болды. Солардың 2 мыңы – бала, мыңнан астамы - әйел. Израиль болса, 1400-дей адам жоғалтқанын мәлімдеп отыр. Бұған қоса, мыңдаған тұрғын жараланып, жүздеген мыңы үйлерін тастап кеткен. Секторда азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек, отын таусылуға жақын. Ал түнде күн суытатындықтан, босқындар лагерлерінде балалар ауруға ұшырап жатыр.
Газа - Израильдің толық блокадасында. Сондықтан, бұл палестиналық анклавқа гуманитарлық көмек кіргізу қиынға соғып отыр.
Стефан Дюжжарик, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары:
Газадағы гуманитарлық мәселе жөніндегі өкілдеріміздің айтуынша, бүгін Мысыр жақтан Рафах өткелі арқылы бұл секторға 20 жүк машинасы кірген. Ал сенбіден бері небары 34 машина еніпті. Бұл – қажетті жәрдемнің 4 пайызы ғана. Бұрын Газаға күніне 450 жүк көлігі кіретін. Сонымен қатар, ондағы халық 14 күн қатарынан жарықсыз отыр. Жергілікті ауруханаларда электр қуатымен бірге дәрі-дәрмек те жетіспей жатыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Аi-Sana бағдарламасы аясында 22 мыңнан астам жоба әзірленді
02.10.2026, 21:08
Жасанды интеллект кинофестивалінің қорытынды кезеңі басталды
02.10.2026, 20:33
Қорғалжынның 200-ге жуық тұрғыны экологиялық акцияға қатысты
02.10.2026, 20:32
Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы атап өтілді
02.10.2026, 20:29
Астаналық педагог Қазақстанның ең үлкен картасын жасады
02.10.2026, 20:28
Ұстаздық еткен әулеттің еңбек өтілі 2 ғасырға жуықтайды
02.10.2026, 20:26
Сүт безі обырының алдын алуға бағытталған акция басталды
02.10.2026, 20:25
Вице-Премьер Қанат Бозымбаев Атыраудағы коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты
02.10.2026, 20:24