Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

24.10.2023

Республика күні - Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күні. Ақордада ұлттық мерекеге орай өткен жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Сондай-ақ, ол бүгінгі мерекенің маңыздылығына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Еліміздің ең басты мейрамы - Республика күні құтты болсын! Бұл - қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн, Көк түріктер дәуірінен Алтын орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тартқан күн. Бұл - Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн. Халқымызда «Егемен болмай, ел болмас» деген сөз бар. Осыдан 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнады. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.

Салтанатты жиын барысында президент бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың арасында мәдениет, білім, ғылым, медицина, спорт сияқты түрлі саланың қызметкерлері мен ардагерлері бар. Биыл «Қазақстанның халық жазушысы», «Қазақстанның халық әртісі» атақтары қайтарылды.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу