Шетелде Республика күнін тойлау басталып кетті. АҚШ астанасы Вашингтонда мерекелік кеш өтті.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Астанадан 11 сағат айырмашылығы бар Вашионгтонда қазір қас қарайған шақ. Бірақ мерекенің қызған кезі. Америка жерінде Республика күні екінші жыл қатарынан тойланып жатыр. Қазақстан елшілігі ұйымдастырған мерекелік шараға жүздеген адам жиналды. Мәртебелі меймандардың арасында Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, Қорғаныс министрлігінің өкілдері бар. Елші Ержан Ашықбаев мұнда жиналған әрбір адам Қазақстанның достары деуі де бекер емес. Себебі, АҚШ пен Қазақстан байланысының жандануына өзіндік септігін тигізіп жүрген азаматтар. Солардың бірі АҚШ-тың қазақтандағы алғашы елшісі – Виллиам Кортни.
Уильям Кортни, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі (1992-1994):
Мен Қазақстан тәуелсіздігін алғанына небәрі алты апта болған кезде елші болып бардым. Содан бері мемлекет көптеген қиыншылықтарды еңсерді. Шетелдік инвесторлар үшін тартымды елге айналды. Этникааралық және ұлтаралық татулық пен бірлікті көрсете білді. Ядролық қарудың қауіпін сейілтті. Мен Қазақстанға келмей тұрып, көптеген сарапшылар Орталық АКзия елдері дербестігін сақтай алмайды, бір Түркістан мемлекетіне айналады деп ойлады. Бірақ Қазақстан көшпелі салт дәстүрге сай бірлік танытып, батысты таң қалдыратын жетістіктерге жетті.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Қазір Қазақстаннан арнайы келген форто трио ансамблі өнер көрсетіп жатыр. Айта кетейік бұл топ мерекеге орай ертең осындағы қазақ диаспорасына арнап концерт қояды.
Жалғас Сәдібекұлы