Оралда жаңа жатақхана пайдалануға берілді
Республика күніне орай Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті студенттері үшін жаңа жатақхана ашылды. 500 орынға арналған студенттер үйі оқу орнының өз қаражатына салынған. Абаттандырылған аумақта спорт, демалыс алаңы бар. Ас үй, жатын және жуынатын бөлмелер жаңа құрал-жабдықпен қамтылған. Мүгедектігі бар студенттерге 16 орын арнайы бар. Осы жаңа ғимаратты қосқанда, университеттің 1500 студенті жатақханамен қамтылып отыр.
Дархан Қуаттегі, студент:
Маған осы жаңа жатақхана өте қатты ұнады. Себебі емін-еркін білім алуыма өте қолайлы жағдай жасалған. Екі адам бірге тұрамыз. Бөлменің іші кең, жарық, адамның көңіл күйін көтереді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15