Мәдениет және ақпарат саласының 50 үздігі марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет және ақпарат саласының 50 үздігі марапатталды

24.10.2023

Мәдениет және ақпарат саласында еңбек етіп жүрген 50 адам марапатталды. Орден, медаль, алғыс хаттарды министр Аида Балаева табыстап, барша жиналғандарды Ұлттық мереке Республика күнімен құттықтады.

Өркениетті ел қалыптастырып, өрелі ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген мамандар құрмет, қошеметке бөленді. Парасат орденімен «Еуразиялық медициналық қауымдастығы» бірлестігінің басқарма төрағасы Надежда Петуховаға марапатталды. Парасат, Құрмет ордендері 3 адамға табысталды. Сондай-ақ, бірқатар сала қызметкерлері Ерен еңбегі үшін, Мәдениет саласының үздігі, Ақпарат саласының үздігі, Еңбек ардагері медальдерін иеленді.

Бағжан Бимуратова – «Qazaqstan» ҰТА бағдарламалар директоры:

Осы Ұлттық арнаға 29 жасымда келдім. Бір бөлімде 30 жыл жұмыс істедім. Менің осы еңбегімді бағалағаны үшін үлкен рахметімді айтамын. Барлықтарыңызды осы мереке Республика күнімен құттықтаймын.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу