«Қазақстаннның халық жазушысы» және «Қазақстанның халық әртісі» атақтары қайтадан марапаттар қатарына қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстаннның халық жазушысы» және «Қазақстанның халық әртісі» атақтары қайтадан марапаттар қатарына қосылды

24.10.2023

24 жыл үзілістен кейін «Қазақстаннның халық жазушысы» және «Қазақстанның халық әртісі» атақтары қайтадан марапаттар қатарына қосылды. Биыл белгілі қаламгерлер Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов пен Любовь Шашкова «Қазақстанның халық жазушысы» атағын алды. Ал «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы бір топ көрнекті мәдениет қайраткерлеріне берілді. Олардың қатарында: театр және кино актерлері Дінмұхаммед Ахимов, Михаил Токарев, Дулыға Ақмолда. Опера әншілері Шахимардан Әбілов пен Талғат Күзенбаев. Белгілі әншілер Рамазан Стамғазиев, Димаш Құдайберген және күйші Айгүл Үлкенбаева бар.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу