Қазақстан мен Оңтүстік Корея жалпы құны 1,5 млрд доллардың 5 жаңа инвестициялық жобасын жүзеге асыруға ниетті. Осыған байланысты Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Оңтүстік Кореяның сауда министрі Ан Док Гын жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Премьер-Министр Қазақстан Республикасының Үкіметі Оңтүстік Кореямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуда үлкен перспективалар көретінін атап өтті. Атап айтқанда, бұған тауар айналымының серпінді өсуі дәлел. Мәселен, былтыр ол 2,3 есе өсіп, 6,1 млрд доллардан асты. Ал биылғы жылдың 8 айында тағы 11%-ға артқан. Өз кезегінде Ан Док Гын Оңтүстік Корея Қазақстанмен экономиканың әртүрлі саласы бойынша белсенді технологиялық ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.
Самал Қабышева