Қазақстандық теннисші чемпион атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық теннисші чемпион атанды

23.10.2023

Александр Бублик Республика күні қарсаңында жанкүйкерлерін қуантты. Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Бельгияда өткен ATP 250 турнирінің чемпионы атанды. Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген отандасымыз финалда дүниежүзілік рейтингте 38-орында тұрған 19 жастағы франциялық Артюр Фиспен шеберлік байқасты. Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде Бублика екі сетте де басым түсті. Ол матч кезінде 11 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу