Қойлар Мадридтің орталығымен қыстауға айдалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қойлар Мадридтің орталығымен қыстауға айдалды

23.10.2023

Испания астанасы Мадридтің орталығымен бір отар қой қыстауға айдалды. Бір сәтке автомашиналардың орнын басқан жануарларды тамашалау үшін көше бойына жүздеген адам жиналған.

Қаланың басты алаңдарының бірі орналасқан бұл кварталда ежелгі заманда ауыл болған. Ал шопандар жайлаудан қайтарда қойларын дәл сол елді мекен арқылы айдап өтіпті.

Бұл дәстүрді қайта жандандыру туралы шешімді корольдік парламенті 1994 жылы қабылдаған. Мойындарына сыңғырлаған қоңырау тағылған аша тұяқтылар содан бері Мадрид көшесімен жыл сайын өтеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу