Каталония тәуелсіздік туралы референдум өткізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталония тәуелсіздік туралы референдум өткізбек

07.09.2017

Каталония лидері тәуелсіздік туралы референдум өткізу жайындағы құжатқа қол қойды. Оған сәйкес, автономия жұртшылығы Испаниядан бөліну мәселесін қазанның 1-де дауысқа салады. Мұның алдында Каталония парламенті де референдум жөніндегі құжатты басым көпшілікпен мақұлдады.

Испания әрине қарсы. Корольдік үкіметі конституциялық соттан алдағы дауыс беру қорытындысын заңсыз деп жариялауды сұрады. Ресми Мадридтің ескертуінше, Испания мемлекеті бөлшектенбеуі тиіс.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу