Шотландияның шығысына «Бабет» дауылы соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шотландияның шығысына «Бабет» дауылы соққы берді

20.10.2023

Бүгін Шотландияның шығысына «Бабет» дауылы соққы берді. Ол әкелген алапат жауыннан Бречин қаласын топан су басқан. Ал Ангус елді мекенінің билігі 400 үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруді сұрап, мектептерді уақытша жапқан. Сағатына 70 шақырым жылдамдықпен соққан дауылдан 1 адам қаза тауып, мыңдаған үй жарықсыз қалды.

Британияның Метеорологиялық кеңсесінің хабарлауынша, Шотландияда 2020 жылдың ақпанынан бері алғаш рет қызыл түсті ескерту жасалды. Мұндай дабыл тасқыннан адамдардың өміріне қауіп төніп тұрғанын білдіреді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу